«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8-9 «А» сыныптары арасында «Тіліміз - бірлігіміздің айғағы» тақырыбына сайыс сабақ өтті.

    Бүгін, 7 ақпан күні, қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында

8-9 «А» сыныптары арасында «Тіліміз - бірлігіміздің айғағы» тақырыбына сайыс сабақ өтті. Сабақта оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындап жарысты. Сайыс әр топ өздерін таныстырумен басталды. «Ғажайып алаң» ойыны бойынша жедел сұрақтарға жауап берді. Жаңылтпаштар айтып жарысты. «Сөздің көркі – мақал» бөлімінде мақалдарды жалғастырып, сол мақалдардың мағынасын түсіндіріп өтті. Әр топ әдебиеттен берілген үзінділердің авторын, қай шығармадан алынғанын тауып, шығармаларға композициялық талдау жасады. Берілген өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Сайыс соңында «Буриме» әдісі бойынша өлең жолдарын құрастырды. Бұл сайысқа келген қонақтарымыз да ат салысты. Сабаққа әр оқушы қатысып, өз үлестерін қосты. Сайыс соңында әр топ жинаған ұпайларын санап, 9 «А» сыныбы 1-орынға, 8 «А» сыныбы 2-орынға иеленді.

Жаңартылған күні: 08.02.2023 17:35
Құрылған күні: 09.02.2023 11:32

Текст