Текст
5 «А» сыныбында «Бала міндеттері және оның құқығы» тақырыбына сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақ барысында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбына слайд көрсетілді. Баланың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды, сұрақтарға жауап берді.