Текст
Ұйымдар тізімі
Дене шынықтыру және спорт онкүндігі аясында «Тоғыз құмалақ», «Асық ату» және «Бес асық» ұлттық спорт түрлерінен жарыстардың аудандық кезеңі өтті. Саутов Әлібек, Анапина Лунияра, Токтаржанова Диана және Максимейко Олегтан құралған оқушылар командасы ойында үздік нәтиже көрсетті « Тоғыз құмалақ» спорт түрінен чемпион атанды. Ал Исмағұл Елнұр, Сабыр Мирас, Журавлев Александрдан құралған оқушылар командасы «Асық ату» ойынында 2-орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жақсы нәтижемен құттықтаймыз және болашақта жаңа жетістіктер тілейміз.



IQanat Олимпиадасының I кезеңі.