«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілі апталығына арналған онкүндіктің есебі

 

6 сәуір ағылшын тілі аптылығының ашылуы салтанатты өткізілді

Шара барысында 8,9,11 сынып оқушылары ашылуын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тілдік дағдыларын жетілдіру болды.

  https://www.instagram.com/reel/DWy4qZTjEli/?igsh=ZXY5ZWxnY2hyMnF4

7 сәуір 3 «А» сыныбында «Funny English» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар топтарға бөлінді. Әр топ жұмбақтарды шешу, сөздер мен сөйлемдер құрастыру, ойын жарыстарына қатысу сияқты тапсырмаларды ағылшын тілінде орындады.

Шара барысында оқушылар ағылшын тілінде түрлі ойындарға, сайыстарға, тапсырмаларға белсене қатысты. Заманауи цифрлық құралдар, оның ішінде жасанды интеллект пен Grok платформасы арқылы жасалған презентация пайдаланылды.

Іс-шара оқушылардың коммуникативті дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін достық және жағымды жағдайда өтті.

https://www.instagram.com/p/DW07HGpDNtH/?igsh=ZndnNnZ3NzZ6NGNq

                  https://www.instagram.com/reel/DW1YLEcsLga/?igsh=MTVoZWVrNng0dHBweA==

8 сәуір оқушылар үзілістерде түрлі сайыстарға белсене қатысты

https://www.instagram.com/reel/DW5g08xM-iZ/?igsh=MTdjZTVlZGQzeTkwNg==

9 сәуір 9 сәуір 2026 жылы 7Б сыныбында «Speaking: Making Plans and Arrangements» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар жоспар құру, ұсыныс жасау және келісу дағдыларын дамытып, белсенді түрде диалогтарға қатысты. Сабақ қызықты әрі нәтижелі өтті.

https://www.instagram.com/p/DXeMRRMjKYN/?igsh=eXBxYm5odXR4ZzBh

10 сәуір Ағылшын тілі апталығы аясында 5 «А» сыныбында «Proverbs and Riddles» «Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындады: жұмбақтар шешті, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты, олардың мағынасын түсіндірді және орыс, қазақ тілдеріндегі ұқсас нұсқаларын тапты. Жұмыс жеке және топтық түрде жүргізілді.

Іс-шараны өткізу барысында заманауи білім беру технологиялары қолданылды: жасанды интеллект көмегімен жасалған презентация және оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында CapCut платформасы пайдаланылды.

https://www.instagram.com/p/DW8mdbpjFKa/?igsh=NzB1Y2JuaHowbmlt

13 сәуір «AI vs Human: Who is smarter?» тақырыбында 7Б–10Б сыныптар арасында қызықты әрі танымдық ойын-сабақ өтті! Оқушылар жасанды интеллект пен адам мүмкіндіктерін салыстырып, түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдері мен логикасын көрсетті ���� Командалар белсенді қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Іс-шара өте көңілді, тартымды әрі пайдалы өтті!

https://www.instagram.com/reel/DXeM68AsfpM/?igsh=MXFzYzF1ZnJocjJ0ZQ==

14 сәуір оқушылар көңілді үзіліске белсене қатысты

Ағылшын тілі онкүндігі аясында мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған ырғақты үзілістер ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, сондай-ақ мектепте жағымды әрі достық атмосфера қалыптастыру болды.

https://www.instagram.com/reel/DXEwzh1sCrm/?igsh=MWEyam54YjJ1bzd0eQ==

14 сәуір 2026 жылы 10Б сыныбында «Citizenship» тақырыбында ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақ заманауи әдістермен ұйымдастырылып, оқушылар сыни ойлау, пікір білдіру және талқылау дағдыларын көрсетті Атмосфера ерекше, формат өте қызықты болды. Оқушылар белсенді қатысып, өз көзқарастарын еркін жеткізді. Сабақ өте сәтті өтті!

https://www.instagram.com/p/DXeNWcWjIJG/?igsh=dWtyeGx1em9heTFk

15 сәуір 15 сәуірде 7Б–10Б сыныптар арасында «Create Your Dream School with AI» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті! Оқушылар жасанды интеллект көмегімен өздерінің арман мектебін жобалап, креативті идеяларын ұсынды ���� Топтық жұмыстар, қызықты тапсырмалар және заманауи формат бәріне ерекше әсер қалдырды! Қатысушылар белсенділік танытып, шабытпен жұмыс жасады.

https://www.instagram.com/p/DXeN8ORjJll/?igsh=MWNhNXdnMm1tdjZnZA==

16 сәуір Ағылшын тілі онкүндігі аясында 8 «А» сыныбында “Record Breaking Food” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында заманауи білім беру технологиялары қолданылды. Мұғалім жасанды интеллекттің көмегімен презентация дайындап, бұл материалды көрнекі  етуге мүмкіндік берді. Білімді бекіту мақсатында оқушылар интерактивті Wordwall платформасында тапсырмаларды ойын түрінде орындады. Сонымен қатар, тыңдалым дағдыларын дамытуға бағытталған аудиоматериалдар қолданылды.

https://www.instagram.com/p/DXMUi94jMaw/?igsh=MWlhNTB0aGpoNjRsdQ==

17 сәуір Осымен ағылшын тілі онкүндігі өз мәресіне жетті.

Баршаңызға амандық, денсаулық және сәттілік тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DXXGUi6shP1/?igsh=MTl6cjYyMTRvZ2J5Nw==

Декада барысында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, зияткерлік ойындар, викториналар, шығармашылық байқаулар өткізілді. Мұғалімдер заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдаланды: жасанды интеллект көмегімен дайындалған презентациялар, интерактивті платформалар (Wordwall), cupcat,canva,бейнематериалдар және аудиожазбалар қолданылды.

Сонымен қатар, оқушылар QR-кодтарды пайдалану арқылы қосымша ақпарат алып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.


Текст