.«Балақайлар мектебінің» жұмыс жоспары бойынша 7 тамызда 5 сабақ өткізілді. Балалар «Сөз, сөйлем» ұғымдарымен танысып, «Із» әдісі арқылы балалар берілген әріптен басталатын сөзді атады, содан кейін осы сөзбен сөйлем құрады, «бір» мағынасымен екі жиын арасында "аз", "көп" деп байланыс орнатты. Балалар адамның өмірін жеңілдететін көмекші заттар бар екенін білді, олар: тоңазытқыш, шаңсорғыш, компьютер және т.б., олар туралы жұмбақтарды тауып, презентацияны тамашалады, «Артық затты тап» ойынын ойнады.Сөйлеуді дамыту сабағында балалар таза сөйледі, жаңа мақал-мәтел үйренді. «Үйшік», «Түлкі, тасбақа және кене» ертегілерін тамашалады. Содан кейін оларды талдап, ертегілердің кейіпкерлерін бояды. Үзіліс кезінде «Ақсерек, Көксерек», алаңда футбол ойнады, ойын алаңында демалды.