Текст
Бүгін біздің күн қозғалмалы ойындардан басталды: «Үздік ұшқыш», «Сандық қақпаға гол соқ» және т.б. Ойын балалардың зейінін, тыңдау дағдыларын дамытады, дербестікті жүзеге асырады және заттарды пішіні, түсі бойынша салыстыруға, сонымен қатар есептеу дағдыларымен жұмыс жасауға дағдыландырады. Математика негіздері сабақтарында ойындар арқылы балалар 3 және 4 сандары туралы білімдерін бекітіп, әр түрлі тапсырмаларды орындады, сандарды салыстырды, осы сандарға сәйкес заттарды тауып, сонымен қатар жаттаған өлеңдерін қайталады.