«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Батырлар даңқына лайық боламыз»

      Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толу мерекесі қарсаңында мектебімізде «Батырлар даңқына лайық боламыз» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті.  Бұл іс-шара екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде мектеп оқушылары шақырылған интернационалист-жауынгерлермен: Оразбаев Ж.Ш., Зинченко В.А., Скобликов Г.С.  , Сәбитов М.Н., Тупицын С.Н., Пересунко В.Г кездесті.  Жиынға қатысушыларға «Ауған соғысының хроникасы» фильмі көрсетілді.  Одан кейін  біздің қонақтар сол соғыс оқиғалары туралы естеліктерімен бөлісті, оқушылар  де шет қалмай, диалогқа белсене қатысып, сұрақтар қойды.  Мектеп оқушылары қонақтарға музыкалық қойылымдар дайындады.
      Іс-шараның екінші бөлімінде Астрахан ауданының №1, №2, Өндіріс ауылының  және Новочеркас ауылының мектептерінің оқушылары әскери-спорттық жарыстарға қатысып, жалпы командалық есепте Астрахан №2  мектебі командасы бірінші орынды, Новочеркас мектебі екінші, Астрахан №1мектебі оқушылары үшінші  орынға  ие болды.  Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  Жүлделерді сатып алуға қаржылай көмек көрсеткен іс-шараның демеушісі« Гармония вкуса» ЖК -не ерекше алғысымызды білдіреміз.

  

 

 

Жаңартылған күні: 06.02.2024 20:56
Құрылған күні: 06.02.2024 20:56

Текст