Текст
Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған онкүндік аясында 8 «Б» және 9 «Б» сыныптарында «Тіл – халықтың жаны» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен қызметімен танысып, тілдің адам өмірі мен қоғамдағы рөлі, сондай-ақ қазіргі Қазақстандағы көптілділіктің маңызы туралы ой бөлісті.
Балалар әңгімеге белсене қатысып, тіл туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер келтіріп, ана тілін сақтау мен дамытуға деген өз көзқарастарын білдірді.