Мектепішілік бақылауға сай оқушылардың оқу жылдамдығын 4 тоқсан бойынша 1-4 сыныптарда Ә Б жетекшісі Мусина К.Е. тексерді.
1 сыныпта 5 оқушы. Оқу нормасы 19-24 «3», 25-29 «4», 30 сөз және жоғ. «5». Оқу жылдамдығын тексеру барысында 3 оқушы нормадан жоғары – Рамазан Нурислам -56 сөз, Марат Ерасыл - 50 сөз, Нұржан Аруна 45 сөз оқыды, 1 оқушы нормаға сай Марат Ерали - 29 сөз оқыды,1 оқушы Енгеликов Ислам 25 әріпті жаттады, 2 әріптен қосып оқиды.
2 сыныпта 5 оқушы. Оқу нормасы 39-44 «3», 45-49 «4», 50 сөз және жоғ. «5». Оқу жылдамдығын тексеру барысында барлық 4 оқушы нормадан жоғары: Абылкасымова Айгерім 66 - сөз, , Саутов Нұрбек - 65 сөз, Джилкайдарова Жанбота - 70 сөз, Исмағұл Аянат - 52 сөз оқыды.
3 сыныпта 2 оқушы Оқу нормасы 59-64 «3», 65-69 «4», 70 сөз және жоғ. «5». Оқу жылдамдығын тексеру барысында 1 оқушы, Әбдрекеева Жәния нормадан жоғары 87 сөз оқыды,1 оқушы, Ашубасар Бексұлтан нормадан төмен 32 сөз оқыды.
4 - сыныпта 5 оқушы. Оқу нормасы 79-84 «3», 85-89 «4», 90 сөз және жоғ. «5». Оқу жылдамдығын тексеру барысында 3 оқушы нормадан жоғары: Қошқарбаева Гүлжайна – 114 сөз, Нурланов Аннұр –118 сөз, Кәкен Әдемі – 102 сөз оқыды, 2 оқушы нормадан төмен: Нығметола Рахмет 73 сөз, Шерьезданов Аслан – 74 сөз оқыды.
Ұсыныс: оқу жылдамдығы қорытындысы бойынша аталған сынып мұғалімдеріне ұсыныс.
1. Жақсы оқитын оқушылармен жұмысты жалғастыру;
2. Қосымша әдеби кітаптар оқыту,
3. Кітапхана сағаттарын ұйымдастыру;
4. Оқу жылдамдығы төмен оқушылармен ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс өткізу.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Мусина К.Е.