«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаратылыстану білгірлері» сыныптан тыс іс-шара

Жасанды интеллект дәуіріндегі химия, биология және география декадасы аясында 6 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Жаратылыстану білгірлері» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың биология, химия, география және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін ойын түрінде қорытындылау және жаратылыстану ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Викторина, «Сөздерді тап», «Шешіп көр» конкурстары мен «Эксперимент» атты практикалық тапсырма барысында оқушылар өз білімдерін, топпен жұмыс істей білу дағдыларын және алған білімдерін практикада қолдана алу қабілеттерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық белсенділігін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Барлық командалар жоғары деңгейдегі белсенділік пен тәртіптілік танытты. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталып, қатысушылар жағымды эмоциялар мен жаратылыстану ғылымдарын әрі қарай қызығушылықпен оқуға мотивация алды.

  


Текст