Текст
21 тамызда «Балақайлар мектебінде» 5 сабақ өтті. Сауат ашу сабағында сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрендік. Математика сабағында кеңістікте заттарды орналастыру дағдыларын бекітіп, слайд арқылы заттардың орналасуын көрсетті. Қоршаған ортамен танысу сабағында мемлекеттік және ұлттық мерекелер туралы білімдерін кеңейтіп, жаңа жыл Наурыз мерекесін отбасында қалай қарсы алатынын айтып берді. «Асық ату», «Бес асық», «Қол күрес» халық ойындарын ойнадық, бата беруді үйрендік. Сөйлеуді дамыту сабағында сөйлемді интонациясына қарай ажыратуды, сөзден сөйлем құрауды үйрендік. Көркем әдебиет сабағында «Шұбар тауық », «Қоянның үйі» ертегілерін сахналадық.