Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 5-11-сыныптар арасында «Жасай бер, ана тілім!» тақырыбына мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: өскелең ұрпақтың поэзияға құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіну.
Сайыста Ермекова Амина Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық», Қошқарбаева Гүлжайна М. Мақатаевтың «Үш бақытым», Яцук Альберт Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Абылкасымов Айып
М. Жұмабаевтың «Түркістан», Лотош Сюзанна М. Өтемісұлының «Мен мен едім, мен едім», Анапина Лунияра М. Мұқатаевтың «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
1-орынды Ермекова Амина, Абылкасымов Айып, Анапина Лунияра, 2-орынды Яцук Альберт, Лотош Сюзанна, Қошқарбаева Гүлжайна иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!