«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің отбасымның мамандықтары»

03.06 күні мектеп жанындағы лагерьдің I ауысымында «Менің отбасымның мамандықтары» тақырыбында танымдық күн ұйымдастырылды.

Күн дәстүрлі түрде таңғы сергіту жаттығуларымен басталды. Балалар көтеріңкі көңіл күймен жаңа күнді қарсы алып, белсенді жұмыстарға қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар өз отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы әңгімелеп, олардың еңбегі мен қоғамдағы маңызы жөнінде ой бөлісті. Балалар ата-аналарының, ата-әжелерінің және туыстарының кәсіптері туралы таныстырып, мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстырды.

Сонымен қатар түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар «Мен өскенде кім боламын?» тақырыбында өз армандаған мамандықтары туралы айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Күннің мақсаты – балалардың еңбекке деген құрметін арттыру, мамандықтар әлемімен таныстыру және отбасы құндылықтарын насихаттау болды. Іс-шара қызықты әрі танымдық түрде өтіп, балалар жақсы әсер алды. 


Текст