Текст
Қазақстан халқының тілдер күніне орай 4–6 сынып оқушылары арасында «Үш тіл – бірлік тілі» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілі және халықаралық тіл – ағылшын тілінде өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, әндер орындады. Балалар үш тілді меңгерудің маңызы мен достық, бірлікке бастайтын құндылық екендігін түсінді. Іс-шара танымды да қызықты өтті, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігі артып, ынтасы оянды.