Ұйымдар тізімі
МО ЕМЦ отырысында мұғалімдер білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті және тәжірибеге негізделген тақырыптар бойынша баяндама: «STEM білім беруді жүзеге асыру жолдары», «Физика сабақтарында PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту» және «Математика сабақтарында күрделі есептер арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбы оқушылардың логикалық ойлауын, дербестігін және функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Жалпы, мұғалімдердің баяндамалары мазмұнды, тәжірибелік маңызы жоғары болып, әріптестер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Отырыстың екінші сұрағы: оқушыларды МОДА және PISA халықаралық зерттеуіне дайындау мәселелері де қарастырылды. Мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, мәтінмен жұмыс істеу, талдау және өмірлік жағдайларға байланысты тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырмалар үлгілері ұсынылып, дайындық жұмыстарын жүйелі ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.


Ашық есік күні.