Текст
22 тамыз, "Балақайлар мектебінде" 5 сабақ болды. Математика сабағында балалар жыл мезілдерінің айларымен танысты. Сөйлеуді дамыту сабағында монологты байланыстырып құра білуге және диалогты бастауға жаттықты. Сауат ашу сабағында геометриялық фигуралардың, көгөністердің, жеміс - жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыруға, бояуға үйренді. Көркем әдебиет сабағында шешендік, сөз өнерін үйренді, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнерімен танысты. Мүсіндеу сабағында "Кірпі" мүсінін ермексазбен табиғи материалды үйлестіріп жасады.