Текст
Бастауыш сынып апталығының жоспары бойынша мектепалды даярлық сыныбында «Ертегілер елінде» атты тәрбие сабақ өткізілді. Оқушылар ертегілер ертегінің сиқырлы оқиғалар туралы қиял екенін түсініп, оның түрлерімен танысты. Сабақ барысында балалар «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерімен бірге саяхатқа шықты. Жолда оқушылар әртүрлі жануарларды кездестіріп, тапсырмаларды орындады: әңгімелер құрастырды, буындарды оқыды, жұмбақтарды шешті. Тәрбиелік әрі қызықты сабақ "Кітап нені сүйеді?" ойынымен аяқталды. Оқушылар сабақ бойы белсенділік танытты.