«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика ұжымының тұрақты семинар.

Математика ұжымының тұрақты семинар отырысында мұғалімдер білім сапасын арттыруға бағытталған өзекті және тәжірибеге негізделген тақырыптар бойынша баяндама жасады. Карпина Ольга Николаевна  «STEM білім беруді жүзеге асыру жолдары» тақырыбында ғылым, технология, инженерия және математиканы кіріктірудің тиімді әдістері қарастырылып, пәнаралық тапсырмалар үлгілері ұсынылды.
Мусина Камшат Естаевна «Физика сабақтарында PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту» тақырыбында мұғалім PISA форматындағы тапсырмалар арқылы оқушылардың талдау жасау, қорытынды шығару және білімдерін өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар Макарина Гульнара Аманжоловна «Математика сабақтарында күрделі есептер арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбы аясында күрделі, стандарттан тыс есептерді шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, дербестігін және функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Жалпы, мұғалімдердің баяндамалары мазмұнды, тәжірибелік маңызы жоғары болып, әріптестер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

 

Текст