Текст
«Балақайлар мектебі» – Екінші аптасы өз мәресіне жетті. Бұл кезеңде балалар мектептің жаңа тәртібі мен ережелеріне толық бейімделіп, өздерін сенімді ұстады. Таңертеңнен бастап көңіл-күйлері көтеріңкі болып, сабақтар мен ойындарға белсенді қатысты.
Апта ішінде:
• Танымдық тапсырмаларда балалар өз білімдерін толықтырып, жаңа мәліметтерді қызығушылықпен қабылдады.
• Сөйлеу дағдылары дамып, әңгімелесу, сұрақ қою және өз ойын жеткізу қабілеттері артты.