Текст
Ұйымдар тізімі
Ағылшын тілі онкүндігінде 3 «А» сыныбында «Funny English» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар топтарға бөлінді. Әр топ жұмбақтарды шешу, сөздер мен сөйлемдер құрастыру, ойын жарыстарына қатысу сияқты тапсырмаларды ағылшын тілінде орындады.
Шара барысында оқушылар ағылшын тілінде түрлі ойындарға, сайыстарға, тапсырмаларға белсене қатысты. Заманауи цифрлық құралдар, оның ішінде жасанды интеллект пен Grok платформасы арқылы жасалған презентация пайдаланылды.
Іс-шара оқушылардың коммуникативті дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін достық және жағымды жағдайда өтті.



Сыңғырла, соңғы қоңырау!