Текст
«Бала құқығы-адам құқығы» республикалық апталығы аясында баланың негізгі құқықтары туралы білімдерін жинақтау мақсатында 5 «б» сыныбында «Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар 20 қараша Дүниежүзілік балалар құқықтарын қорғау күні екенін, 1959 жылы осы күні бақытты балалық шақтың 10 негізгі қағидасын біріктірген Бала құқықтарының декларациясы қабылданғанын, Құқықтар туралы конвенцияны қарастыра отырып, білім алды. Балалар «Менің құқығым» постерін жасап, жағдайды талдап, ертегі кейіпкерлерінің құқықтарының бұзылуын анықтады, оқушылардың міндеттерін қайталап, құқықтар мен міндеттердің бірлігі туралы қорытындыға келді.