2022 жылы 1- наурызда "Новочеркас ауылының ЖОББМ" КММ-нің 10-11 сынып оқушыларымен және мектеп жұмыскерлерімен "Азаматтық қорғаныс және апаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс; еріктілердің рөлі және пандемиямен күрес"ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шара өткізілді. Осы тақырыпта Астрахан ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Р.К. Бимжанов сөз сөйлеп, оқушылар мен мұғалімдерге азаматтық қорғау бүкілхалықтық іс болып табылатынын жеткізді. Республиканың бүкіл халқы экономика, ауыл шаруашылығы өндірісі ұйымдарында, оқу орындары мен мектепке дейінгі мекемелерде оның міндеттерін табысты жүзеге асыруға мүдделі. Біздің республикамыздың әрбір азаматы азаматтық қорғау іс-шараларын өткізуге белсенді қатысуға міндетті. Іс-шара соңында оқушылар мен мұғалімдер азаматтық қорғау бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, оқушыларға азаматтық қорғау бойынша жадынамалар таратылды.