Текст
Бүгін 3 "А" сыныбында өзін-өзі тану апталығы аясында, сынып сағаты өтті. Сынып сағаты тақырыбы: "Балаға жүрек жылуы". Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушылар көптеген қызықты мәліметтермен танысып, пікірталас өткізді.