Текст
Ұйымдар тізімі
06.08.2026 ж. Балақай мектебінің төртінші күні қызықты әрі мазмұнды өтті.
Бүгін математика сабағында балалар 3 санын еске түсіріп, оны дұрыс жазуға жаттықты. Сауат ашу сабағында әріп элементтерін жазып, дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталады. Тіл дамыту сабағында карточкалармен жұмыс жасап, сурет бойынша әңгіме құрастырды және кейіпкерлерге ат қойып, өз ойларын еркін жеткізді.
Шығармашылық жұмыс барысында ермексаздан денсаулыққа пайдалы жемістер мен жидектерді мүсіндеп, олардың адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелесті.
Күн соңында балалар көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне қайтты.





1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында...