Текст
Бүгін, 5 ақпан күні, мектебімізде "Ана тілің - арың бұл" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылуы салтанатты түрде өткізілді.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ, болашақтағы қазақ. Тіл – халықтың мәңгілік болып қалуының айғағы. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының міндеті болып табылады.
Жиын соңында оқушыларымыз ән айтып, би билеп, домбырамен күмбірлете күй орындады.