«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5–8 сынып оқушыларымен «Сөз таптарының құпиясы» атты танымдық әрі қызықты сабақ өткізілді.

5–8 сынып оқушыларымен «Сөз таптарының құпиясы» атты танымдық әрі қызықты сабақ өткізілді. 
Сабақ барысында оқушылар «Мимика арқылы сөзді тап»ойынын ерекше қызығушылықпен ойнады. Әр оқушыға сөз немесе сөз табына қатысты ұғым беріліп, оны тек бет-әлпет қимылдары мен ишара арқылы көрсетті. Қалған оқушылар оның қандай сөз екенін және қай сөз табына жататынын анықтады.Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеді. Бұл тапсырма олардың есте сақтау қабілетін, жылдам ойлауын, қарым-қатынас дағдыларын және сөз таптарын ажырату дағдыларын дамытуға ықпал етті.


Текст