«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің оқу-әдістемелік жұмысы

«Жас маманға әдістемелік көмек» атты онкүндігінің

өткізілуі туралы ақпарат

2020-2021 оқу жылындағы мектепті дамыту жоспары аясында жоспарланған   «Жас маманға әдістемелік көмек» атты онкүндігі өткізілді

Онкүндіктің өткізілу мақсаты: Жас мамандардың сабақтарына қатысып , әркімнің өз қажеттілігіне сай әдістемелік көмек көрсету болды.

Төмендегі көрсетілген кесте бойынша еңбек өтілі аз , жас маман ұстаздарымыз өз сабақтарын көрсетті.Тәлімгер ұстаздарымыз, мектеп әкімшілігі осы сабақтарға қатысып, мұғалімдерімізге ақыл- кеңес айтып, әдістемелік бағыт бағдар көрсетті.

Негізгі бақылау элементтеріне : сабақ жоспарының  дұрыс құрылуы, сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерінің тақырыпқа сай болуы, оқу  материалдарының зерделі ұйымдастырылуы, білім алушылардың кері байланыс беруі, қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асырылуы қарастырылды.

Сабақтың тақырыбы

Жауапты жас маман

Сыныбы

Пәннің атауы

Present simple

Зейдабдин Ләззат Қуанышбекқызы

7 «А»

Ағылшын тілі

Countries,nationalities and languages

Тургунбай Даурен Даулетұлы

5 «Б»

Ағылшын тілі

Жәндік жанды табиғатқа жата ма?

Казанбаева Рамзия Магарифовна

3 «Б»

Қазақ тілі

Пайдалы қазбаларды өндіру жолдары

Хамзина Салтанат Жабаевна

9 «А»

Биология

Химиялық формулалар бойынша есептеулер

Куанышева Лаура Болатовна

8 «А»

Химия

Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын

Рамазанова  Асель  Елемесовна

2 «»А

Қазақ тілі

Я считаю все вокруг Числа от 1 до 5

Касенова Жамиля Еслямбековна

Предшкола

Математика

Гравюра өнері

Ережеп Жанболат Талғатұлы

6 «А»

Еңбек сабағы

Өз отбасымның шежіре ағашын аламын

Рамазанова Гульмира Серикжановна

2 «А»

Қазақ тілі

Көрсетілім сабақтары барысында байқағанымыз әрбір ұстаз өз мамандығының шебер маманы екен. Әрине , бұл біз үшін өте қуанарлық жағдай. Бірақ шебер мамандарымызға әдістемелік шеберліктің жеткіліксіздігі  әр сабақта байқалып жатты.Сондықтан сабаққа қатысушы ұстаздарымыздың  әдістемелік  бағыт – бағдары еңбек өтілі аз , жас маман ұстаздарымызға келешекте тиер пайдасы зор екендігіне сенеміз.

Казанбаева Рамзия Магарифовна «Жәндік жанды табиғатқа жата ма?» атты сабағында , Хамзина Салтанат Жабаевна

«Пайдалы қазбаларды өндіру жолдары» атты сабағында , Рамазанова Гульмира Серикжановна «Өз отбасымның шежіре ағашын аламын» атты сабағында   сабақ тақырыбына сай тиімді әдіс – тәсілдерді шебер пайдалана білді.

Сабақ барысында АКТ ны пайдаланудың тиімді жолдары туралы ,білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру жолдары туралы, сабақ жоспарының дұрыс жазылуы туралы ой бөлістік, және де  жас маманға оның қалай жүзеге асырылуы туралы бағыт – бағдар көрсетілді. Жас мамандарымыз біршама әдістемелік көмек алды.

Онкүндіктің қорытынды есебі ретінде алдағы уақыттқа «Үйрету мүмкін емес , үйрену ғана ықтимал» атты жас маманға тәлімгерлік көмек апталығы жоспарланды.

«Үйрету мүмкін емес , үйрену ғана ықтимал» атты апталықтың негігі алға қойған  мақсаты: жас мамандар тәлімгерлердің сабақтарына қатысады және  өзара тәжірибе алмасады.

 

Жауапты : ОІМ                                     Казбекова Г.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 20.01.2022 19:20
Құрылған күні: 09.11.2020 16:09

Текст