«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "School days"

Қарашаның жиырма екісі күні Новочеркаск орта мектебімізде тілдер онкүндік декада аясында жас маманымыз Зеидабдин Л. Қ. 2 Б сыныбымен "School days" атты ашық сабақ өтті. Оқушылар сабақты "Greeting" әнімен караокеде өз беттерінше шырқады. Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп түрлі тапсырмаларды орындады. Ағылшын тілінен сөздік қорларын байытып, жарыса қайталады. Балалар дене мүшелері туралы "Head, knees and toes" атты видео  көмегімен сергіту сәтін жасап, бой жазып, сергіп алды. Түрлі түсті бояумен ағылшынша апта күндерін тауып шықты.  Сондай-ақ  мектеп құрал жабдықтары, апта күндері, санамақтар, жыл мезгілі, алфавитті қайталады. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқушылар сандарды ретімен және кері санап берді. Сабаққа келген қонақтар мектеп директоры Альмаханова З. Ж., оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Карпин О. Н., орыс тілі пәні мұғалімдері Жунусова Г. К., Денисенко А. Д., бастауыш мұғалімі Азатқызы А. оқушыларға, мұғалімге алғысын білдіріп, сабаққа өз бағаларын беріп кетті.

Жаңартылған күні: 28.11.2019 15:51
Құрылған күні: 28.11.2019 15:51

Текст