Ұйымдар тізімі
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы аясында педагог-психолог Залюбовская Н.Н. 5-сынып оқушыларымен «“ЖОҚ” деп айтуды үйрен!» атты тренингтік сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың жеке шекаралар туралы түсініктерін және қауіпсіз жүріс -тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқушылар жеке кеңістік деген не екенін талқылап, өмірлік жағдайларды қарастырды және қорқыныш немесе жайсыздық тудыратын әрекеттерге батыл түрде «жоқ» деп айтуды үйренді.
Алаңдаушылық тудыратын жағдай кезінде кімнен көмек сұрауға болатынына ерекше көңіл бөлінді және өз сезімдеріне сенудің неге маңызды екені атап өтілді.
Сабақ достық атмосферада өтті, оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытып, өзін және жеке шекараларын қалай қорғау керектігі туралы маңызды қорытындылар жасады.



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта...