Текст
13 тамызда «Балақайлар мектебінде» 4 сабақ өтті. Сөйлеуді дамыту сабағында балалар берілген тақырып бойынша әңгімелер құрастырып, «Жыл мезгілдері» тақырыбына суреттер салды. Көркем әдебиет сабағында әр түрлі әдеби жанрлардың ерекшеліктерімен танысып, А.Бартоның өлеңдерін жатқа оқып, жұмбақтар шешті. Математика сабағында заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстырды, фигураларды түстеріне қарай орналастырды, санау таяқшаларынан геометриялық фигуралар жасап, жұмыс парақтарын толтырды. Қоршаған ортамен танысу барысында табиғатта жанды және жансыз заттардың бар екенін сурет арқылы анықтады.Үзіліс кезінде «Айдаһар» және «Үшінші артық» ойындарын ойнады.