Текст
Ұйымдар тізімі
Ата-аналарды педагогиқалық қолдау орталығы жұмыс аясында мектеп психологы Н.Н. Залюбовская мен 5-сынып жетекшісі Бектемисова Г.С. «Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Іс-шара ата-аналардың эмоционалдық сауаттылығын арттыруға және жасөспірімдік кезеңнің басында балалармен конструктивті қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Жиналыс достық әрі белсенді атмосферада өтті. Ата-аналар тақырыптың маңыздылығын және алынған ақпараттың бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартудағы практикалық пайдасын атап өтті.



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта...