Текст
1"А" сыныбында "Ашық есік күні" өтті. Мақсаты: оқу жылында алған білімдерін көрсету, мұғалімді ата - ананы сыйлау, этикалық нормаларды сақтау. Іс - шара барысында ана тілінен мәтінмен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, диктант жазып, зат есімдерді жекеше және көпше түрде атады. Математика пәнінен салыстыру, есеп шығару, теңдеу тапсырмаларын орындап, өз білімдерін көрсетті. Ата - аналармен сергіту сәтін орындады. Ағылшынша ән айтып, ойындар ойнады. Іс - шара көңілді өтті. Музыка пәнінен өз есімдерін ноталарға сай әндетіп айтып, көңілді ән орындады. Ата - аналарға болашақта балаларының кемшіліктерін толықтыруға нұсқаулықтар берілді. Оқушыларға әртүрлі номинацияда грамоталар берілді.