Текст
Ұйымдар тізімі
5-сыныптарда «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» психологі Залюбовская Н.Н. «Адамгершілік пен мейірімділік туралы» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың адамгершілік құндылықтар, мейірімділік, жанашырлық және адамдарға құрметпен қарау туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел отырысы барысында оқушылар мейірімді және жанашыр болудың не екенін талқылап, өз өмірлерінен, әдеби шығармалар мен фильмдерден мысалдар келтірді.
Іс-шара соңында балалар адамгершілік пен мейірімділік кішкентай да болса игі істерден – айналадағы адамдарға көңіл бөлу, қамқорлық пен қолдау көрсетуден басталады деген қорытындыға келді



Бастауыш мектепте ашық сабақ