Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Сол себептен бүгін 3 «А» және 4 «А» сынып оқушыларымен «Салт – дәстүрім - қазынам» атты сынып сағаты өткізілді. Бұл сынып сағатында мұғалім алдымен оқушыларды интерактивті тақта арқылы салт-дәстүрлермен таныстырып өтті. Әрі қарай оқушылар өздері халқымыздың әртүрлі салт-дәстүрлерін сахналап көрсетті және ұлттық ойындарын ойнады. Атап айтатын болсақ: «Бата беру», «Көрісу», «Сүйінші», «Сырға салу», «Шашу», «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Асық ату» Сынып сағаты танымды және қызықты өтті.