Ұйымдар тізімі
Дене шынықтыру, музыка және көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі кезекті отырысын өткізді. Отырыста дене шынықтыру, музыка және көркем еңбек сабақтарында денсаулық сақтаушы технологияларды қолдану мәселелері қарастырылды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Алибаев Д.А. және Хохлунов А.С. өз сабақтарында денсаулық сақтаушы технологияларды тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Гигиеналық жағдайларды жасау, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, сараланған тәсілді қолдану, оқушылардың функционалдық жағдайын мониторингтеу, тыныс алу жаттығуларын, сауықтыруға бағытталған стретчинг жүйелерін, фиджитал тәсілді пайдалану оқушылардың аурушаңдық деңгейін төмендетіп қана қоймай, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.



«Адал Азамат» тәрбие...