«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Новочеркас ауылының ЖOББМ" КММ бойынша 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

     Астрахан ауданының білім бөлімінің "Новочеркас ауылының ЖOББМ" КММ қызметінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі есебі.

   Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы Заңына сәйкес "мемлекеттік қызметтер " бойынша ,Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы білім бөлімінің Новочеркас ауылының ЖOББМ" КММ мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

     Мектеп пандуспен және шақыру түймесімен жабдықталған. Мемлекеттік қызметтер стандарттары ақпараттық стендтерде көрсетілген,қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде орналастырылған. Құжаттарды қабылдау орындары қажетті жиһазбен, күту орындарымен жабдықталған.

      Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жүгінген кезде ,мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

      Мектеп қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде танымал ету мақсатында ата-аналар мен оқушыларға оқыту роликтері көрсетілді, сондай-ақ қалаған адам «Электрондық үкімет» порталында қызметтерді алуда тәжірибе алу мүмкіндігі болды.

      2021 жылы "Новочеркас ауылының ЖOББМ" КММ келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды  және балаларды қабылдау бойынша  14 қызмет көрсетілді.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына  қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдаудың   15  қызмет  түрі көрсетілді.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау  қызметінің 1 түрі  көрсетілді.
 Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру бойынша 1 қызмет түрі көрсетілді.
Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау жұмысының  11 қызмет түрі  көрсетілді.

Жаңартылған күні: 02.11.2021 16:36
Құрылған күні: 02.11.2021 16:36

Текст