Текст
Ұйымдар тізімі
12 маусым 2026 жылы мектеп жанындағы лагерьде тақырыптық «Таза қолдар күні» өткізілді.
Күн аясында мектеп аумағын абаттандыру бойынша еңбек десанты ұйымдастырылды. Балалар аумақты тазалау және тәртіпке келтіру жұмыстарына белсене қатысып, жауапкершілік пен қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынас танытты.
Сонымен қатар тәрбиеленушілермен «Неліктен біз зиянды әдеттерге – жоқ дейміз?» тақырыбында әңгіме өткізілді. Оқушылар зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін әсері, салауатты өмір салтының маңызы және бос уақытты тиімді өткізудің пайдасы туралы пікір алмасты.
Күннің іс-шаралары балалардың еңбекқорлық, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеуге және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.



Мектеп жанындағы лагерьдің 2...