Текст
Бүгін, 4 наурызда 7 «А» сыныбында «Қысқартылған көбейту формулаларын қолданып өрнектерді ықшамдау» тақырыбында ашық сабақ өтті Сабақтың мақсаты: қысқартылған көбейту формулаларын пайдаланып, тапсырмаларды орындау. Сабақта оқушылар мұғалімнің қолданған стратегияларында барлық тапсырмаларды орындады: олар формулаларды жинап, атады; көпмүше түрінде жазылған өрнектерді көбейткіштерге жіктеді; өрнектерді ықшамдады. Бағалау парақтарын ұпаймен толтырды: өзін-өзі бағалау және өзара бағалау аркылы. Сабақ соңында «Мейрамхана» рефлексиясы мұғалімге оқушының қандай тақырыптарды түсінгенін түсінуге мүмкіндік берді. Сабақтың мақсаты орындалды деп саналады.