Текст
3"А" - 4 "А" сыныптарында "Табиғатым - тағдырым" деген тақырыпта сынып сағаты болып өтті. Мақсаты: адамдардың табиғатты қорғап, оны көркейтуге атсалысу керек екенін ұғындыру болды. Сынып сағаты психологиялық дайындықтан басталды. Тақырыпты ашу үшін, табиғат туралы өлең оқылды. "Табиғат деген не?" деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтып, топтастыру жасалды. Оқушылар жұмбақтардың шешуі арқылы үш жұпқа бөлінді. Мағынаны тану кезеңінде, үш жұп шығармашылық тапсырмалар орындап, жауаптарын тақтаға шығып қорғады. Тақырыпты бекіту үшін, оқушылар "Табиғат" деген сөзбен бес жолды өлең құрады. Сынып сағаты "Табиғатты сүю - парыз, Қасиетін білу - парыз, Білу үшін ұғу - парыз! Күзетінде тұру - парыз!" деген өлең жолдарымен қорытындыланды.