Текст
21.02 күні “Математика” сабағынан жоспарға сай 4 “А” сыныбында Lesson study екінші зерттеу сабағы өтті.
Тақырыбы: Қорытындылау
Мақсаты: таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептерді шығаруды үйренеді. Сабақ шаттық шеңбермен басталып, үй тапсырмасына шолу жасады. Кейін “Таңдап алу” әдісі арқылы есептер шығарды, өрнектер құрастырып, кестемен жұмыс жасады. Сабақ соңында “Ыстық орындық” әдісімен кері байланыс жасады. Өткізген: Рамазанова А.Е