Сабақтың әзірлемесі
Бағыттары :
Рухани-адамгершілік, отбасылық, спорттық
1. Таңертеңгі жаттығу
Мақсаты:
Балалардың денесін шынықтыру, көңіл-күйін көтеру, жаңа күнге сергектікпен бастауға жағдай жасау.
Өту барысы:
Ортақ алаңда дене қимыл жаттығулары (5-7 минут)
Қызықты музыкамен бірге сергіту сәті
Көңіл-күй смайлигі арқылы жаттығудан кейінгі көңіл күйін бағалау
2. Спорт алаңындағы спорттық эстафета
Мақсаты:
Дене шынықтыруды дамыту, командалық рухты қалыптастыру, жылдамдық пен ептілікті жетілдіру.
Іс-шара мазмұны:
«Кедергілер жолағы»
«Доппен жүгіру»
«Секіртпемен жарыс»
«Мақсатқа жет» ойыны
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау
3. «Кітап бағы»: кітап алмасу және оқылған шығармаларды талқылау
Мақсаты:
Оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, сөздік қорын байыту.
Іс-шара барысы:
Балалар өздерімен бірге әкелген кітаптарды таныстырады
Кітап алмасу ұйымдастырылады
2–3 оқушы өз оқыған шығармасы туралы айтып береді
Мұғалім шығарманың мазмұнын толықтырып, сұрақ-жауап жүргізеді
Кітап оқу бұрышы безендіріледі
4. Өзендегі денсаулық минуты
Мақсаты:
Су жанында демалу ережелерін сақтау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара мазмұны:
Өзен жағасында серуен
«Табиғатты таны» атты танымдық ойын
Қауіпсіздік ережелері бойынша шағын тренинг
Жағымды релаксация: тыныс алу жаттығулары, табиғатты тыңдау
«Су – тіршілік көзі» тақырыбында ой бөлісу