Текст
4 «А» сыныбында «Жүзден жүйрік” атты интеллектуалды ойын өтті.
Мақсаты: шапшақдылыққа баулу, қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа баулу. Ойынға екі топ қатысты. Ойын “Ұшқыр ой”, “Жеті жұрттың тілін біл”, “Айшықты сөздер”, “Ұяшықтар” айналымдарынан тұрды. Әр айналымда түрлі тапсырмалар болды, балалар үш тілде жұмбақ шешіп, сұрақтарға жауап берді, адасқан сөздерді ажыратып ойларымен бөлісті, жасырынған әріптерге сөйлем құрады. Әділқазы алқасы топтарға қорытынды жасады. Барлық бала белсенді қатысты.