Текст
МИФ апталығы іс-шаралармен жалғасты, оның бірі 11 «Б» сыныбында математикадан іс-шара: Г.А.Макарина жүргізген «Такси» ойыны.Оқушылар «Такси» бағдарламасына енеді, жолда оларға қарапайым, күрделі, өте күрделі сұрақтар және супер ойын ұсынылады. Әрбір дұрыс жауап үшін олар 500, 1000, 2000 теңге және ұтыс ақшасын екі есе көбейтіп алды. Оқушылар алған білімдерін қолданып, ойынның барлық кезеңдерін аяқтап, супер ойында жеңіске жетті. Тегін және де ұтыспен керек аялдамасына жетті. Барлығына ойын қатты ұнады.