«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош бол, лагерь!»

29.08.2025 ж «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы лагерь Жазғы демалыстың соңғы күні «Қош бол, лагерь!» атты қорытынды іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – балалардың лагерьде алған әсерлерін ортаға салып, достық қарым-қатынасты нығайту, қызықты сәттерді еске түсіру.
Іс-шара барысында: Балалар лагерьде өткен қызықты күндер туралы естеліктерімен бөлісті; Ән, би, тақпақтардан құралған концерттік бағдарлама ұсынылды; «Ең белсенді бала», «Көңілді ойыншы», «Тапқыр дос» сияқты номинациялар бойынша марапаттар табысталды; Балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Балалар лагерьдегі достарын қимай, бір-біріне жылы тілектерін білдірді. Күніміз көңілді әнмен аяқталып, «Айгөлек» лагері өзінің жазғы маусымын сәтті жапты. Іс-шара өз мақсатына жетті, балалар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне қайтты.


Текст