Текст
4-сынып оқушылары мен мектеп психологы «ББЖМ-ға қалай жақсы дайындалу керек» атты тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты – алдағы ББЖМ тестілеуінің әлеуметтік жағдайын оңтайландыру, оқушылардың алаңдаушылығы мен эмоционалдық күйзелісін төмендету. Тренинг барысында балалар өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға арналған ойындар мен жаттығулар орындап, өзіне деген сенімділікті дамытты және өзін-өзі реттеу дағдыларын үйренді. Сабақ жағымды, қызықты және танымдық сипатта өтті.