0 "Б" сыныбында бастауыш сыныптар апталығының жоспары бойынша «Грамматика-математика еліне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ сәлемдесу шеңберімен басталды. Одан кейін орыс халқының «Бауырсақ» ертегісі бойынша саяхатқа шықтық. Педагог жетекші сұрақтар арқылы балалардың ертегінің мазмұнын білетіндігін тексерді. Содан кейін ертегінің кейіпкерлері-қуыршақтарының көмегімен бауырсақ дөңгеленіп, әр түрлі ертегі кейіпкерлерімен кездескенше түрлі тапсырмалар орындалды. 10 санының құрамы туралы білімдерін тексерді, 10 санының аясында мысалдар шешті, логикалық тапсырмалар шешті, «Бауырсақ» сөзіне дыбыстық-әріптік талдау жасап, мәтінді буындап оқыды. Топта жұмыс жасалып, өзара тексеру жүргізді. Сабақ қызықты және мазмұнды болды. Барлық бала белсене қатысып, жүлделі болды