«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана тілім - ардағым» атты онкүндіктің өткізілуі туралы ақпарат

Мектебімізде 6-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Ана тілім - ардағым» атты тілдер онкүндігі жоспарланды. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты. Онкүндіктің негізгі мақсаттары: -оқушылардың тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру; -оқушыларды үштұғырлы тілді жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту; -жас жеткіншіктерді өз елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

6 қыркүйек күні апталықтың ашылуы өткізілді. Әр сыныпта тіл мамандары апталықтың ашылуына байланысты сабақтар өткізіп, онкүндік жоспарымен таныстырды. 7 қыркүйек күні кітапханашы Н.А. Бахареваның ұйымдастыруы бойынша мектеп фойесінде «Ұлылардың ұлысы Абай»тақырыбына кітаптардан иллюстрациялық экспозиция жасалды. Көрмеге көркем және деректі әдебиеттер, газет мақалалары, рефераттар қойылды.Кітапханашы қызықтырған кітаптарды QR-код бойынша таңдап көмектесті. 9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қазбекова Г.Ж. 10 «А» сыныбында «Тіл-ең асыл құндылық»тақырыбына эссе жазу жұмысы жүргізілді. Эссе жұмысының қорытындысы бойынша Қазбекова Назеркенің, Анапина Замираның жұмыстары үздік деп танылды. 10  қыркүйек күні жоспар бойынша  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саутова Б. К.   9 «А» сынып оқушыларымен «Қазақстан- бірлігі бекем, тағдыры ортақ- Мәңгілік ел»  тақырыбына  эссе жазу жұмысы жүргізілді.

9-10 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдері Мусина К.Е.және Матейкович Е.В. бастауыш мектепте Абай Құнанбаевтыңтабиғат тақырыбына жазылған шығармалары желісімен «Табиғат - ғажап әлем» атты суреттер көрмесін өткізді.  Оқушылар жылдың төрт мезгіліне байланысты суреттер салып, өз өнерлерін көрсетті.

10 қыркүйек күні ағылшын тілі мұғалімі Тұрғынбаев  Д.Д.6 "Б" сыныбымен   "Тіл - бұл мұра" атты іс-шара өткізді. Сынып көп ұлтты болғандықтан, сабақта оқушылар ойларын өз ұлтының тілімен бөлісті.Олар қысылмай, ойларын еркін жеткізді. Іс- шара тілге деген құрмет және оны дұрыс жерде қолдана білу мақсатында өтті.

10 қыркүйек күні  орыс тілі мұғалімі  Жунусова Г.К.«Ана тілім  - ардағым»  атты іс-шараға байланысты бейнеролик дайындады. Бейнероликте 10 «Б» сынып оқушылары Мейірманова Гүлімхан, Логвиненко Тамара, Яцук Юна қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып берді. 13 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Тайшибаева Т.А. және Саутова Б. К.  қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы,  жазушы,  этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері  Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына байланысты «Алғашқы ұстаз» тақырыбына 5-8 сынып оқушыларына диктант жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен таныстыру.

14 қыркүйек күні ағылшын тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Б.Б. 5 «А» және «Б»  сыныптарда «Хош келдің, мистер Девид!» тақырыбына сабақ өткізді. Сабақта шетелден қонақ келіп, ол өз елінің дәстүрлері және рәміздері жайлы әңгімелеп берді. Сабақ оқушылар үшін өте қызықты болды. 16 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исмагулова С.К. 1-4 cыныптар арасында «Мақал-мәтелдер» сайысын өткізді. Сайыста оқушылар мақал-мәтелдер айтып жарысты. Мақалдардың мағынасын айтып түсіндірді. 16 қыркүйек күні қорытынды жасалды. Әр өткізілген іс-шара бойынша жақсы нәтижеге жеткен оқушылардың аттары аталды. Диктантты «өте жақсы» бағаға жазған оқушылар және эссе жұмысының қорытындысы бойынша  үздік деп танылған оқушылардың аттары аталып, марапатталды.


  

Жаңартылған күні: 25.09.2021 00:30
Құрылған күні: 25.09.2021 00:53

Текст