Текст
« Балақайлар мектебінде» жұмыс жоспары бойынша 5 тамызда 4 сабақ өткізілді, оның барысында балалар «Сөз, сөйлем», «дауысты, дауыссыз дыбыстар» ұғымдарымен танысты, берілген әріппен сөздер құрастырды, 10-ға дейін тура және кері санады және қарапайым есептерді шығарды, нүктелер, ұяшықтар бойынша сурет салды, туыстық байланыстар туралы түсініктерін жетілдірді, өз тегі туралы (кім біледі). «Автобус» аппликациясын орындады, онда шаршыларды, тіктөртбұрыштарды, үшбұрыштарды,жолақты қию дағдыларын шыңдады. «Көңілді күн» атты сергіту сәті өткізілді, «Балалар боулингін» ойнады, мұнда балалар әрқайсысы өзінің мергендігін дамытты. Күн жемісті өтті.