Текст
Ұйымдар тізімі
18-20 наурыз аралығында Щучинск қаласында IQanat олимпиадасының ІІ облыстық кезеңі өтті. Бұл додаға Ақмола облысының барлық аудандарынан 400-ден астам ең үздік оқушы қатысты.Біздің мектебіміздің оқушылары: Пинчук Ксения, Ержанов Елнұр, Макарин Александр және Шигибаева Ботагөз Астрахан ауданы құрамасының сапында бақ сынады.Оқушылар бес бағыт бойынша өз білімдерін көрсетті:логикалық ойлау; математикалық сауаттылық;оқу сауаттылығы (грамматика);ағылшын тілі;таңдау пәні.Олимпиада аясында оқушылар үшін тұлғалық өсуге, оқуға деген ынтаны арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталған оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырылды.Дәл осы кезеңнің қорытындысы бойынша респубрлика көлемінде финалға жолдама алатын 1000 бала анықталады.



Сыңғырла, соңғы қоңырау!