Мектепішілік бақылауға сай оқушылардың 2 тоқсан бойынша оқу жылдамдығын 1 - 4 сыныптарда Ә Б жетекшісі Мусина К.Е. тексерді.
1 сыныпта барлығы 10 оқушы. Оқу нормасы 10-20 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 4 оқушы нормадан жоғары: Нұрабай Бекнұр 21 сөз, Нұрабай Ернұр 30 сөз, Рамазан Нұрғанат 26 сөз, Нұрабай Нұрайым 22 сөз оқыды. Нормаға сай 5 оқушы: Марат Амир 10 сөз, Нұржан Нұрсұлтан 10 сөз, Суннат Жәнібек 18 сөз (әріпті теріс оқиды) оқыды, Серік Мухаммад 10 сөз, Марат Нұрасыл 12 сөз оқыды. Нормадан төмен: Марат Амина қатемен 8 сөз оқыды.
2 сыныпта барлығы 10 оқушы. Оқу нормасы 29-40 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 8 оқушы нормадан жоғары оқыды. Нормаға сай 2 оқушы: Еркеболат Аружан 34 сөз, Тоқтаржанова Наргиз 38 сөз оқыды.
3 сыныпта барлығы 7 оқушы Оқу нормасы 49-60 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 5 оқушы нормадан жоғары: Рамазан Нұрислам 64 сөз, Марат Ерасыл 84 сөз, Нұржан Аруна 91 сөз, Саид 92 сөз, Марат Ерали 83 сөз оқыды. 1 оқушы нормаға сай: Нұрхан Нұрсая 59 сөз оқыды. Нормадан төмен 1 оқушы: Енеликов Ислам 39 ғана сөз оқыды.
4 сыныпта барлығы 5 оқушы. Оқу нормасы 69-80 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 3-еуі де нормадан жоғары оқыды: Абылкасымовам Айгерим – 83 сөз, Джилкайдарова Жанбота – 81 сөз, Саутов Нурбек – 83 сөз оқыды, 2 оқушы нормаға сай: Исмағұл Аянат – 77 сөз, Рамазанова Каусар – 75 сөз оқыды.
Ұсыныс: оқу жылдамдығы қорытындысы бойынша аталған сынып мұғалімдеріне ұсыныс.
1. Жақсы оқитын оқушылармен жұмысты жалғастыру;
2. Қосымша әдеби кітаптар оқыту,
3. Кітапхана сағаттарын ұйымдастыру;
4. Оқу жылдамдығы төмен оқушылармен ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс өткізу.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Мусина К.Е.